үркістан облысында 100 туристік орын анықталды — Xnews — ақпарат агенттігі

үркістан облысында 100 туристік орын анықталды

Түркістанда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы мен туризм басқармасының бірлесе атқарған жұмыстары нәтижесінде 100 туристік орын анықталды. Олардың қатарында Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт жерасты үңгірі, Қазығұрт ауданындағы «Кеме қалған» монументі, Түлкібас ауданында «Ақсу Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы, Отырар ауданнында Арыстанбаб кесенесі бар. Бұл жайында Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қуаныш Асанов БАҚ өкілерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«2025 жылы облыс әкімінің төрағалығымен «Сәулеттік жобалар бойынша» 10 мәжіліс ұйымдастырылып, 108 эскиздік жоба қаралды. Оның ішінде, 19 жоба Түркістан қаласының әкімдігі тарапынан, 57 жоба сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, құрылыс басқармасы мен жобалаушы мекеме тарапынан 5 жоба және «Тұран» арнайы экономикалық аймағы» тарапынан 27 жоба қаралды»- деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, облыс аумағында жалпы 801 елді мекен бар. Оның ішінде, 794 елді мекен бас жоспармен қамтылған. Қалған 7 елді мекеннің бас жоспарларын 2025 жылы әзірлеу жоспарланып, аудан-қала әкімдіктері тарапынан жүргізілуде. 2026 жылы толықтай аяқтап 100 пайызға жеткізілмек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...