Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: Ата Заң жобасының негізгі жаңалықтары — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: Ата Заң жобасының негізгі жаңалықтары

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын жариялады. Құжат елдің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған және қоғамдық сұраныстар мен заманауи талаптарды ескере отырып әзірленген.

Жаңа Ата Заң жобасының орталық идеясы ретінде білім мен ғылымды, мәдениетті және инновацияларды дамыту айқындалған. Бұл бағыттар мемлекеттің тұрақты дамуы мен адами капиталды нығайтудың негізгі тіректері ретінде қарастырылған.

Сонымен қатар, құжатта цифрландыру маңызды мазмұндық бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға қатысты нақты конституциялық норма бекітіліп отыр. Бұл бастама цифрлық қауіпсіздікті арттыруға, жеке деректерді қорғауға және заманауи технологияларды қолдану барысында азаматтардың құқықтық кепілдіктерін күшейтуге бағытталған.

Жаңа Конституция жобасы құқықтық мемлекетті нығайтуға, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді арттыруға және Қазақстанның жаһандық өзгерістерге бейімделуіне негіз болады деп күтілуде.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Президенты Казахстана и Узбекистана посетили ряд объектов в Бухаре

Главы государств Казахстана и Узбекистана посетили Ситуационный центр в Бухаре Президенты Касым-Жомарт Токаев и Шавкат Мирзиёев ознакомились с работой нового ...

Екі президент Бухара қаласында бірқатар нысандарды аралады

Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхара облысының жаңа Ахуалдық орталығының ...