Түркістан: Жетісайда үйіргелік жерлерді тиімді пайдалану жұмыстары күшейтілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Жетісайда үйіргелік жерлерді тиімді пайдалану жұмыстары күшейтілуде

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов ауылдық округтердегі игеріліп жатқан үйіргелік жерлер мен жылыжай шаруашылықтарының жай-күйімен танысып, қырыққабат көшеттерін өндіруші және құлпынай өсірумен айналысатын бірқатар жылыжайларға арнайы барды. Атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, шаруалармен сұхбаттасты.

Аудандағы 79 215,7 гектар жалпы егістік жер көлемінің 3 033,983 гектары – үйіргелік жерлер. Аталған аумақтың 2 624,8 гектары өнім өндіру мақсатында пайдаланылса, 312,467 гектар жерге көпжылдық екпелер егілген. Пайдаланылып жатқан үйіргелік жерлердің 31,1 гектарына қырыққабат, ал 0,11 гектар алқапқа таңқурай, құлпынай және қарақат жемістері отырғызылған.

Үйіргелік жерлерде өндірілген өнімдер негізінен жергілікті базарлар мен дүкен сөрелеріне шығарылып, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтуға өз үлесін қосуда. Бұл бағыттағы жұмыстар ауыл халқының табысын арттыруға және өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейін көтеруге мүмкіндік беріп отыр.

Шаруалармен сұхбаттасу барысында аудан әкімі үйіргелік жерлерді тиімді пайдалану – ауыл экономикасын дамытудың маңызды тетігі екенін атап өтіп, сала мамандарына тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Мемлекет тарапынан үйіргелік жерлерге дақыл егіп, жылыжай шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие қарастырылғанын айтып, мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды. Жауапты бөлім басшыларына жылыжай шаруашылығын дамыту, көшет өндіру көлемін арттыру және өнім өндірушілерге агротехникалық кеңес беру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...