Түркістан қаласында арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан қаласында арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр

Түркістан қаласының «Отырар» мөлтек ауданында биылғы жылдың алғашқы азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қала тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді өнімдер ұсынылуда. Әлеуметтік маңызы бар шара халықты отандық, табиғи ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталады.

Жәрмеңкеге Арыс қаласы, сондай-ақ Сайрам және Түлкібас, Ордабасы аудандарының шаруалары қатысып, сүт және ет өнімдері, көкөніс пен мен өзге де азық-түлік түрлері өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынуда.

Сонымен қатар, «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қоры арқылы жеткізілген тауарлар да нарықтағы бағадан 30–40 пайызға дейін төмендетілген бағамен сатылуда. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарының отбасылық бюджетін үнемдеуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға оң әсерін тигізбек.

Айта кетейік, жәрмеңкеде 50 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімі сауда сөрелеріне қойылды. Бекітілген кестеге сәйкес, келесі жәрмеңке жаңа қала шағын ауданындағы «Достық үйінің» автотұрағында ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...