Шымкенттің туризмі: 2025 жылғы жарқын жетістіктер — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттің туризмі: 2025 жылғы жарқын жетістіктер

2025 жыл Шымкент қаласы үшін туризмді дамытудағы серпінді әрі нәтижелі кезең болды. Қалада өткен мәдени-туристік іс-шаралар оның гастрономиялық, креативті және халықаралық деңгейдегі әлеуетін айқын көрсетті.

Жыл басында ұйымдастырылған «ДәмДәсTour» гастрономиялық фестивалі 50-ден астам мейрамхананы біріктірсе, халықаралық Blog tour аясында шетелдік және отандық танымал блогерлер Шымкенттің туристік мүмкіндіктерін кеңінен таныстырды. Қала күніне арналған ауқымды DRONE SHOW мен жазғы Street Food Fest мыңдаған тұрғын мен қонақты бір арнаға тоғыстырды. Сонымен қатар, Гастрономиялық аллеяның іске қосылуы қала мәдениетіне жаңа серпін берді.

Шымкенттің туристік бренді халықаралық деңгейде де нығайды: Еуропа мен Азия қалаларында таныстырылымдар өтіп, шетелдік туроператорлармен ынтымақтастық орнатылды. Ал Батпырауықтар фестивалі қала аспанын мерекелік көңіл-күйге бөледі.

2026 жылы туристер легін арттыру мақсатында бірқатар ірі жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Халықаралық гастрономиялық фестиваль, Street Food Fest, «Воздушные змеи», «Этно-Шымкент», «Қызғалдақ жолы» және Shymkent Tourism Awards секілді ауқымды іс-шаралар өткізу көзделген.

Шымкент туризмі дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. 2025 жыл — берік негіз, 2026 жыл — жаңа мүмкіндіктер жылы.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...