Түркістан облысында интернет алаяқтарға қарсы ауқымды профилактикалық іс-шаралар — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында интернет алаяқтарға қарсы ауқымды профилактикалық іс-шаралар

Түркістан облысының прокуратурасы мен Полиция департаменті тұрғындарды интернет алаяқтықтан қорғау және «Заң мен тәртіп» қағидатын одан әрі ілгерілету мақсатында облыс бойынша бір уақытта бірыңғай профилактикалық шараларды жүргізді.

Құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындарға, халық көп шоғырланған орындарға келген азаматтарға сақтандыру шараларын түсіндірді, ал дүкендер, сауда орындары, көп қабатты үйлер, аялдамалар және банк ғимараттарына ақпараттық жабыстырмалар орналастырылды.

Бұл шаралар интернет алаяқтық әрекеттерінің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...