Түркістан: 2025 жылдың 12 айындағы жол-көлік оқиғалары (ЖКО) — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: 2025 жылдың 12 айындағы жол-көлік оқиғалары (ЖКО)

2025 жылдың 12 айында Түркістан облысы бойынша 1274 (2024 жылы 12 айы — 1065) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,6%-ға өскен.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер саны 15,4% — ға артты (1625-тен 1876-ға дейін), оның ішінде жарақат алғандар саны 18,1% — ға өсті (1356-дан 1602-ке дейін), қаза тапқандар саны 1,9% — ға өсті (269-дан 274-ке дейін).

Ең көп жол-көлік оқиғасы тіркелген аудандар, Сайрам -183, Түркістан қаласы — 177, Жетісай — 175, Арыс — 84, Түлкібас — 72, Келес — 68, Шардара — 64, Төлеби — 52, Ордабасы — 52, Отырар — 52, Сарыағаш — 49, Созақ — 47, Сауран — 45, Кентау қаласы — 41, Қазығұрт — 39, Мақтаарал — 38, Бәйдібек — 36.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерін сақтамау болып қала береді, атап айтқанда: белгіленген жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншілердің жолды дұрыс емес жерден кесіп өтуі, қашықтықты сақтамау және т.б.

Құрметті облыс тұрғындары, сондай-ақ қонақтар мен туристер жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз.

Сондай-ақ, еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «https://qamqor.qov.kz» порталындағы «Авариялық карта» бөлімінен қарауға болатынын еске саламыз.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

#Заң_мен_Тәртіп
#Закон_и_Порядок

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...