Мәжіліс депутаты Шымкенттегі медицина мекемесіне жұмыс сапарымен барды — Xnews — ақпарат агенттігі

Мәжіліс депутаты Шымкенттегі медицина мекемесіне жұмыс сапарымен барды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қалалық №1 ауруханасында болды. Алдымен ауруханадағы арнайы бөлімнің жұмысымен танысты.

Бұл бөлімге партияның қаржылай ықпалымен заманауи технологияларға сай жаңа бір аппарат алынып, екіншісі жөндеуден өткізіліп берілген. Бұл аппараттар бүйректегі тасты ауырсынусыз алып тастау операциясына жасауға көп мүмкіндік береді. Яғни науқасқа бұрынғыдай наркоз бермей-ақ бүйректегі тасты 1000 Вольттты қуатпен құм етіп үгітіп, ағзадан шығарады. “Бұл әдістен науқас ешқандай ауырсынуды сезінбейді” дейді дәрігерлер.

Айта кету керек шымкенттік дәрігерлердің заманауи бұл апараттарға қол жеткізуіне “Ақжол” партиясы әлеуметтік жобалар аясында ықпал еткен.

-Жыл басынан бері осы германиялық апараттармен 750 науқасқа ота жасалды. Кезекте тұрған науқас көп. Шымкентте бүйрекке құм-тас жиналу дертімен ауыратындар жиі кездеседі, -дейді аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позилов. Парламент депутаты Қазыбек Иса аурухана ұжымымен, дәрігерлермен де кездесіп, пікірлесті.

Парламенттегі әлеуметтік мәдени даму комитеті тарапынан медицина саласының мамандарының дәрежесін көтеру, салаға қатысты түйіткілді көптеген мәселенің шешілуіне ықпал етіп келе жатқандарын тілге тиек етті.

-Халықтың денсаулығын сақтау мен қорғауда аянбай тер төгіп жүрген дәрігерлердің еңбегі ерен. Өзім көріп танысқан екі апарат сіздердің жұмыстарыңызды жеңілдете түседі деген ойдамын. Әзірге Шымкенттен бөлек Алматы мен Астанада ғана бар мұндай апарат болашақта еліміздің барлық өңірінде болуы керек деп ойлаймын,- деді Қазыбек Иса.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...