Шымкент: Дәрігерлер 4 жасар баланың ішіндегі үлкен ісікті сәтті алып тастады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Дәрігерлер 4 жасар баланың ішіндегі үлкен ісікті сәтті алып тастады

Шымкент қаласының дәрігерлер 4 жасар балаға күрделі операция жасап, іш қуысынан үлкен көлемді қатерсіз ісікті сәтті алып шықты. Іші қатты ауырып, құса берген балақай клиникалық балалар ауруханасына жеткізіле сала жалпы қан талдауы алынып, ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізілді.

Дайындықтан кейін оған ота жасалып, іш қуысының лимфангиомасы – сирек кездесетін, бірақ көлемі ұлғайған жағдайда ішкі ағзалардың қызметіне айтарлықтай қауіп төндіретін қатерсіз ісік анықталды. Көлемі мен операцияның күрделілігіне байланысты дәрігерлер лапаротомия әдісімен ісікті толық алып тастады.

Сәтті өткен одан кейін балақай бөлімшеге ауыстырылып, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Қазіргі таңда жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйіне шығарылған.

Мамандардың айтуынша, мұндай операциялар асқан дәлдікті, кәсіби тәжірибені және заманауи медициналық жабдықтарды талап етеді. Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда соңғы жылдары хирургиялық көмектің сапасын арттыруға, күрделі оталарды жергілікті деңгейде жасауға ерекше көңіл бөлінуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...