Түркістандағы жеке қабылдауда 100-ге жуық тұрғын облыс әкіміне мәселелерін тікелей жеткізуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістандағы жеке қабылдауда 100-ге жуық тұрғын облыс әкіміне мәселелерін тікелей жеткізуде

Түркістан облысын дамытуда тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары есепке алынып, көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.

Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындарды жеке қабылдап, олардың арыздары мен өтініштерін тыңдады. Азаматтар әкімге тікелей сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізіп жатыр. Еркін форматта өткен қабылдауда азаматтар, негізінен, жеке мәселелерін көтерді. Сондай-ақ қабылдауға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан-қала әкімдіктерінің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, азаматтардың сұрақтарына жауап беруде.

Ашық диалог алаңында 100-ге жуық тұрғын түрлі салалар бойынша мәселелерін жеткізуде. Көтерілген өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу, жер және инфрақұрылымға қатысты.

Облыс әкімі әрбір өтінішке мұқият назар аударып, шешу жолдарын қарастырды. Облыс әкімінің жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына жіті зерделеп, заң аясында шешім қабылдау бойынша нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар көтерген мәселелердің бір бөлігі сол жерде оң шешімін тапса, қалғаны бақылауға алынды. Сонымен бірге қабылдауға жазылған тұрғындарға демеушілер есебінен мерекелік сыйлық тапсырылды.

Таңертеңнен басталған жеке қабылдау әлі де жалғасып жатыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...