Шымкентте инвесторларға тұрақты түрде қолайлы жағдай жасалып, қолдау көрсетілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте инвесторларға тұрақты түрде қолайлы жағдай жасалып, қолдау көрсетілуде

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірге инвестиция тарту қала әкімшілігінің стратегиялық міндетіне айналған. Осы ретте, инвесторларға тұрақты түрде қолайлы жағдай жасалып, қолдау көрсетіліп келеді.

Атап айтсақ, соңғы 3 жылда қала экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды, оның 75 пайызы – жеке инвесторлар есебінен. Орташа жылдық өсім 11 пайызды құрады.

«Өңір экономикасын тұрақты дамыту мақсатында алдағы 5 жылда 6,6 триллион теңге инвестиция тарту бойынша жоспарымыз бар- деді, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков баяндамасында.

Бүгіннің өзінде жалпы құны 4,6 триллион теңге болатын 221 инвестициялық жобаның пулы жасақталды. Бұл инвестициялық жобалар аясында 29 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады.

Оның ішіндегі ірі жобалардың бірі — өткен жылы «Alsera KZ» түрік компаниясымен құны 322 млрд теңгені құрайтын 650 гектар жерге елімізде ең үлкен заманауи жылыжай кешені құрылысы басталды.

Бүгінде құны 98 млрд теңгені құрайтын бірінші кезеңінің құрылысы аяқталып, 42 гектар жылыжайдан алғашқы өнім алынды.

Сол сияқты, польшалық «Fabe Agro» компаниясымен құны 68 млрд теңгені құрайтын жоғары технологиялы жылыжай құрылысын салуға 144 гектар жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

Мұнда жылына 36 мың тонна қызанақ пен қияр өнімі алынып, 800-ден астам адам жұмыспен қамтылады.

Сонымен қатар, түркиялық «YDA Group» компаниясымен 313 млрд теңгеге өндірістік технологиялық материалдар өндіру және отандық «INTERTRANS» компаниясымен 80 млрд теңгеге мұнай өнімдерінен ұнтақталған полипропилен өндіретін зауыт салу көзделуде.

Өткен айда Астана қаласындағы инвестициялық форумда қытайлық «Shaanxi Construction Engineering» компаниясымен құны 55 млрд теңгеге тұрмыстық қалдықтарды жағу арқылы қуаттылығы 24 мВт электр энергиясын өндіру бойынша келісім жасалып, жобаны іске асыруға қоқыс полигоны жанынан 12 гектар жер телімі бөлінді.

Айта кету керек, еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытының бірі Шымкент қаласында орналасқан.

Ал Мұнай-химия саласын дамыту бағытында 2030 жылға дейін Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуаттылығын қазіргі 6 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға дейін арттыру көзделуде (Құны шамамен 3 триллион теңге).

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...