Мемлекет Басшысы жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекет Басшысы жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына қатысты.

Президент жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырып, қонақжайлық танытқаны үшін Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Жаңа жыл қарсаңында өтетін дәстүрлі Петербургтегі кездесу жыл қорытындысын шығарып, алдағы жоспарларды айқындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мемлекет басшысы биыл Еуразиялық экономикалық одақ үшін мерейлі жыл болғанын айтып, ұйым дамудың екінші онжылдығына сенімді қадам басқанын жеткізді. Осы кезеңде өзара сауда көлемі тұрақты өсіп, ірі инфрақұрылымдық жобалар табысты жүзеге асырылды, өнеркәсіптік кооперация ауқымы кеңейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық даму қарқыны сақталғанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, 2024 жылы одаққа мүше елдердің жиынтық ішкі жалпы өнімі 2 пайызға артады. Алдағы екі жылда да экономикалық өсімнің тұрақты болатыны болжануда. Еуразиялық экономикалық одақ құрылған сәттен бастап мүше мемлекеттердің бір-біріне салған тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асты. Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 2015 жылғы 600 миллион доллардан 2024 жылы 4 миллиард долларға дейін өсіп, шамамен жеті есе артты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 29 пайызға өсіп, 1,5 триллион долларды құрады.

x

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне, ...

Әділетті қоғамның негізі – адалдық, білім және жасампаз еңбек

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің тұрақты дамуы үшін қоғамдық сананы ...