Шымкентте Иранның 3-ші сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте Иранның 3-ші сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтеді

2025 жылғы 12–15 қазан аралығында Шымкент қаласындағы Көрме орталығында Иран Ислам Республикасының 3-ші сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтеді. Іс-шараға инженерлік-техникалық, сауда және инвестициялық бағыттар бойынша жетекші ирандық компаниялар қатысады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Көрме аясында келушілерге әртүрлі өнімдер мен қызмет түрлері ұсынылады. Атап айтқанда, машинамен тоқылған кілемдер, тағам өнімдері (тәттілер, сүт және құрғақ сүт өнімдері), тұрмыстық химия және гигиеналық тауарлар, полимерлі құбырлар мен құрылыс материалдары, болат және алюминий бұйымдары, сондай-ақ жиһаз, тоқыма бұйымдары және тұрмыстық техника таныстырылмақ. Бұдан бөлек, логистика, транзит және сауда қызметтері, мұнай-газ саласына арналған инженерлік және техникалық жабдықтар салалары бойынша да заманауи үлгілер ұсынылады.

Көрмеге Иранның сауда палатасы, «Нуре Тус» экспортты басқару орталығы, сондай-ақ Иран мен Қазақстанның іскерлік қауымдастықтары қатысады. Бұл алаң қазақстандық кәсіпкерлерге ирандық серіктестермен тікелей байланыс орнатып, өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Қазақстан тарапынан іс-шараға мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері қатысуы жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, көрме Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті кеңейтуге, инвестициялық жобаларды ілгерілетуге және екі ел арасындағы жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған маңызды шара болмақ.

Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/fGppl-EaPb8?si=bDkH81TXSoKydw-U

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...