Шымкентте жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті

Орталық Азия Инновациялық университетінде «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында студент жастарға арналған мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру болды.

Кездесуге Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Мақсат Көшербаев, Тұран аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция тобының капитаны Серікболсын Құрманбеков, Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры Шыңғысхан Мошқалов, сондай-ақ «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Аружан Әлжан қатысты.

Басқосу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлерін, олардың туындау себептерін және алдын алу тетіктерін талқылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау мәселелері де назардан тыс қалмады.

– Заңды білу – өз өміріңе, болашағыңа жауапкершілікпен қараудың көрінісі. Қазір ақпарат көп, бірақ бәрі дұрыс емес. Әр адам қандай әрекеттің заң бұзушылық екенін нақты түсініп, өз ісіне есеп беруі керек. Бұл – құқықтық мәдениеттің негізі, – деді Мақсат Көшербаев өз сөзінде. Сондай-ақ, жастарды құқықтық жауапкершілікті терең түсінуге шақырды.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауап алды. Қатысушылар қоғамдағы тәртіп пен әділдікті сақтауда әр азаматтың рөлі зор екенін атап өтті.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар жастарға құқықтық кеңес пен ақпараттық материалдар ұсынды. Кездесуден ерекше әсер алған студенттер мұндай кездесулердің жиі өткізіліп тұруы жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыра түсетініне сенім білдірді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...