Әлемдік сарапшылар азық-түлік қауіпсіздігінің шекті мөлшері тежеліп жатқандығын айтып дабыл ұрып жүр. Көптеген мемлекеттер кедейліктің шегіне жетті. Африка сияқты мемлекеттерде аштыққа ұрыну фактілері көрініп қалды. Ресей мен Украина арасындағы ымырасыз соғыс екі мемлекеттің титығына жетті. Ірі қалалар қираған, инфраструктурасы бүлінген, жарық пен жылусыз қақаған қыс қойнауына кірген мемлекеттердің агроөнеркәсібі де мардымсыз дамып келеді. Деревниялардан жастар босып кеткен. Жұмыссыздықтың деңгейі үлкен. Ал, біз осы Ресеймен жеті мың шақырымға дейін шектесеміз. Яғни, өнеркәсібіңді көтеріп алмасаң тығырықтап шығу қиын. Ал, Шымкент қаласында агроөнеркәсіптің драйвері — шағын және орта кәсіптің жағдайы қандай?! Осы мәселеге шағын сараптама жасап көрдік.
Атап айтқанда, биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,3% — ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша осы кезеңде 865,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 23,9% — ға артқан. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5% — ға жетті.
Сонымен, қатар бүгінде қаламызда шағын өнеркәсіп аймақтарды салу бағдарламасы шеңберінде 3 жоба іске асырылуда. Жоспарға сәйкес 150-ден астам шағын кәсіпорын ашылып, 500 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Қаланың өндірістік әлеуетін арттыру мақсатында қолданыстағы 5 өндірістік алаңға («Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, «Оңтүстік» индустриялық аймағы, «Тассай» индустриялық аймағы, «Сауда-логистикалық орталығы» индустриялық аймағы, «Ордабасы» жекеше индустриялық аймағы) қосымша 438 га аумақта «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриялық аймақтары қосылып, қалада жалпы 7 өндірістік алаң жұмыс істеуде.
2025-2030 жылдар аралығында қала аумағында жүзеге асырылатын инвестициялық құны 4,9 трлн теңгені құрайтын 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 212 жобаның пулы жасақталды.
Жобалар тек жергілікті емес, сонымен қатар шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылады. Ірілеріне тоқтала өтсек, түрік капиталының қатысуымен «Alsera KZ» және «Fabe Agro» компаниялары заманауи жылыжай кешенінің құрылысы, алкилат пен полипропилен өндіретін отандық «Intertrans» ЖШС, қытайлық «Shaanxi Construction» компаниясы бу-газ қондырғысының құрылысы жобасы.
2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Шымкент қаласының өнеркәсіп кәсіпорындары 812,6 млрд теңгенің өнімін өндіріп, көлемін 15,8%-ға арттырды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 89% құрап, 724,2 млрд теңгеге жетті. Өсім қарқыны республика бойынша орташа деңгейден жоғары болып, қала өңірлер арасында үшінші орынға шықты. Әсіресе химия өнеркәсібі 2,5 есеге, машина жасау 2 есеге, сусын өндірісі 81,2%-ға артқан.
Қалада жалпы аумағы 1 276 гектар болатын жеті индустриялық аймақ жұмыс істейді. Бүгінде онда 685,9 млрд теңгенің 446 жобасы жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. «Оңтүстік», «Тассай», «Жұлдыз», «Бозарық» аймақтарында және арнайы экономикалық аймақта ірі өндіріс орындары іске қосылып, инвестициялар тартылуда. Мәселен, «QazAlPack» алюминий қаптамасын шығару зауыты – 30 млрд теңгелік жоба аясында 112 адамды жұмыспен қамтыды. Ал «ZeineP» компаниясы медициналық бұйымдар өндірісін жолға қойып, 80 жұмыс орнын ашты. Индустриялдық аймақтардың қала бюджетін көтерудегі ықпалын айттық.
Соның бірі «Жұлдыз» индустриялдлық аймағы өндірістік өрлеуге өз үлесін тигізіп келеді.
Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриялық аймағы – мегаполис экономикасының дамуына серпін беретін заманауи өндірістік кешендердің бірі.
Бүгінде бұл аймақтағы инженерлік және инфрақұрылымдық жүйелердің құрылысы 95 пайызға аяқталған. Жобаға салынған жалпы инвестиция көлемі – 13,7 млрд теңгені құрайды.
Аумағы 306 гектарды қамтитын индустриялық аймақта бүгінде 230,6 млрд теңге көлеміндегі 69 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар 4 800-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр.
2025 жылдың өзінде ғана 10,7 млрд теңгені құрайтын, 238 жұмыс орны бар 7 жаңа жоба іске қосылады деп жоспарлануда. Солардың алғашқысы – «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газды бетон өндірісі жобасы іске қосылып, 100 азамат жұмыспен қамтылды.
Инфрақұрылым желілері де толыққанды қамтамасыз етілген: ауыз су, кәріз, электрмен жабдықтау, көше жарықтандыруы мен табиғи газ жүйелері толық іске қосылған. Сонымен қатар, автомобиль жолдары мен әкімшілік ғимараттарға қатысты жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Ал темір жол тұйығына байланысты барлық құжаттамалар мен сараптамалар оң қорытынды алған.
Аймақтағы тағы бір маңызды бастама – игерілмей жатқан 60 гектар жердің қайта қалпына келтіріліп, орнына экспортқа бағытталған, жоғары технологиялы өндіріс жобаларын орналастыру. Бұл өз кезегінде аймақтың стратегиялық әлеуетін арттырады.
«Жұлдыз» индустриялық аймағы – өндіріс өркендеп, инновациялық жобалар тамыр жайған жаңа экономикалық орталыққа айналуда.
Айта кетейік, қала аумағында жалпы көлемі 1 276 гектарды құрайтын жеті бірдей өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді.
Олар – ел экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және отандық өндірісті қолдауға бағытталған маңызды бастамалардың көрінісі.
Бүгінде аталған аймақтарда құны 685,9 миллиард теңгені құрайтын 446 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 312 жоба сәтті іске қосылып, 19 мыңнан астам азамат тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.
Жалпы қала экономикасына 2025 жылдың жеті айында 425,4 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның 314,9 млрд теңгесі – жеке инвестициялар.
Алдағы бес жылға арналған жоспар да ауқымды. 2025–2030 жылдар аралығында құны 4,9 трлн теңге болатын 211 жоба іске асырылып, 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылмақ. Тек биылдың өзінде құны 65,7 млрд теңге болатын 22 жоба іске асып, 1 200-ден астам жұмыс орны ашылады. Олардың қатарында газобетон, құрылыс материалдары, қағаз, ылғалды майлықтар өндіретін жаңа кәсіпорындар бар.
Шымкенттің индустриалды аймақтары алдағы уақытта да кеңейтіліп, металлургия, мұнай-химия, тамақ және құрылыс индустриясында ірі жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл қадамдар қала экономикасын нығайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары