Түркістанда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық ән байқауы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық ән байқауы өтті

Бүгін «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облыстық патриоттық ән байқауы ұйымдастырылды. Шараға өңірдің барлық аудан-қалаларынан келген, жасы 60-тан асқан ардагерлер қатысып, өз орындаушылық шеберліктерін көрсетті.

Іс-шараның ашылуында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшы орынбасарының м.а. Мұқағали Кенжетайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқаудың негізгі мақсаты – Ұлы Жеңістің тарихи маңызын жас ұрпаққа жеткізу, елге деген сүйіспеншілік пен батырлық рухты дәріптеу, ардагерлердің ерлігін ұлықтап, патриоттық өнерді кеңінен насихаттау болды. Қатысушылар патриоттық тақырыптағы әндерді жанды дауыспен орындап, олардың шеберлігі дауыс мүмкіндігі, көркемдік мазмұн және сахна мәдениеті бойынша бағаланды. Сонымен бірге дуэт, трио және квартет форматындағы өнер көрсетуге мүмкіндік берілді.

Байқау жоғары деңгейде өтіп, нәтижесінде Бас жүлдені Шардара ауданынан келген Нұрлан Адамбеков иеленді. І орын Созақ ауданынан қатысқан «Сырлы Созақ» квартетіне бұйырды. ІІ орын Ордабасы ауданынан Құрманәлі Жылқыбайға және Жетісай ауданынан Алима Жолдыбаеваға берілді. ІІІ орын Сайрам ауданынан Жақсыбай Оңалбекке, Төлеби ауданынан «Нұрлы шуақ» отбасылық дуэтіне, сондай-ақ Қазығұрт ауданының «Мейірім» тобына табысталды.

Сонымен қатар, байқаудың арнайы жүлде иегерлері мен дипломанттары марапатталып, қатысушыларға сыйлықтар берілді.

Бұл патриоттық ән байқауы ардагерлердің өнерін дәріптеп қана қоймай, жас буынға өнеге көрсетіп, рухани құндылықтарды нығайтуға елеулі үлес қосатын маңызды мәдени шара болып есептеледі.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...