Шымкент: Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық кеңістіктердің құрылыс барысын тексерді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық кеңістіктердің құрылыс барысын тексерді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков шаһардағы бірқатар қоғамдық кеңістіктердің құрылыс және абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Аралау барысында Шымкент Сити шағынауданында демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқан жаңа қоғамдық кеңістік жобасы қаралды. Жалпы аумағы 17 240 шаршы метрді құрайтын нысанда абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба аясында түрлі ағаштар, бұталар және сәндік өсімдіктер отырғызу жоспарланып, тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы демалыс аймағын қалыптастыру көзделген.

Сонымен қатар, қала әкімі Асар шағынауданындағы көпжылдық гүл өсіруге арналған жылыжайға барды. Нысанда көшеттерді өсіру технологиясы, өсімдіктерді күтіп-баптау жағдайы және қолданылатын агротехнологиялар таныстырылды. Көпжылдық гүл дақылдарын алдын ала дайындау қала көгалдандыруына жұмсалатын шығындарды азайтуға, қаражатты тиімді игеруге және магистральдық көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Әрі қарай Әл-Фараби ауданындағы Быковский көшесінде жергілікті тұрғындардың сұранысы негізінде салынып жатқан қоғамдық кеңістік құрылысы тексерілді. Ауданы 1 050 шаршы метрді қамтитын демалыс аймағында жаяу жүргіншілер жолы, автотұрақ, жарықтандыру желісі және жасыл желек отырғызу жұмыстары қарастырылған.

Аралау соңында Теріскей шағынауданында салынған балалар алаңы мен Қаратау ауданы әкімдігі ғимараты маңында демеушілер есебінен абаттандырылып жатқан демалыс аймағының құрылыс барысы бақылаудан өтті. Атқарылып жатқан барлық жобалар қаланың қауіпсіз, жайлы және эстетикалық тартымды қоғамдық кеңістіктерін көбейтуге, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...