Түркістан: Сарыағашта колледж студенттеріне арналған 101 орындық жаңа жатақхана бой көтеруде — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Сарыағашта колледж студенттеріне арналған 101 орындық жаңа жатақхана бой көтеруде

Сарыағаш қаласында колледж студенттері үшін 101 төсек-орынға арналған жаңа жатақхана бой көтеруде. Жоба жеке кәсіпкердің бастамасымен және мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі арқылы жүзеге асырылуда.

Жатақхана құрылысы кәсіпкердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Одан соң мемлекет шығындарды 6 жыл ішінде өтей бастайды. Жобада тұрғын үй-жайлары, санитарлық-гигиеналық жабдықтары, демалыс аймақтары және оқу орындары бар заманауи ғимарат салу көзделген.

Аталған жатақхана құрылысы өңірлік білім беру инфрақұрылымын дамытуға өзіндік үлесін тигізеді деп күтілуде. Жобаны іске асыру — студенттерге жағдай жасауға және оқытудың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жоба — мемлекет пен кәсіпкерлердің әлеуметтік міндеттерді шешудегі табысты іс-қимылының үлгісі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...