Заң және тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі — Xnews — ақпарат агенттігі

Заң және тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі

Қоғамда тәртіп пен тұрақтылықтың сақталуы – әрбір азаматтың заңға деген құрметі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.
«Заң және тәртіп» – бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғам мүшелерінің ортақ ісі.

Қоқыс тастаған азаматтарға шара қолданылды

Қаратау ауданы әкімдігінің мамандары мен экополиция қызметкерлері Нұртас шағын ауданында тазалық сақталуын бақылау мақсатында кезекті рейд жүргізді. Тексеру барысында құрылыс қалдығын рұқсат етілмеген орындарға төккен азаматтар анықталды.

Заң бұзушылыққа жол берген тұлғаларға әкімшілік хаттамалар толтырылып, шаралар қолданылды.

Мамандар, сонымен қатар, тұрғындарға, мердігер ұйымдарға және құрылыс нысандарының өкілдеріне экологиялық нормаларды сақтау, құрылыс және тұрмыстық қалдықты тек белгіленген орындарға шығару туралы түсіндірілді.

Аудан аумағында санитариялық ахуалды жақсарту, заңсыз қоқыс тастаудың алдын алу бағытындағы бақылау шаралары алдағы уақытта да тұрақты жалғасады.

Заңсыз салынған нысан толық бұзылды

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары қала тұрғындарының шағымы бойынша Ш.Уәлиханов көшесіндегі №213/12 және №213/13 мекенжайда орналасқан нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Бұл жер телімі бастапқыда іргелес аумақты көркейту мақсатында берілген. Дегенмен, бұл талаптар ескерілмей, нысанда заңсыз коммерциялық нысан салынған. Сонымен қатар, пайдалануға беру туралы акт рәсімделмей жұмыс істеп тұрғаны анықталды.

Нәтижесінде басқарма тарапынан заңды тұлғаға қатысты сотқа талап-арыз берілді, нысан заңсыз деп танылып, сот шешімімен толық бұзылды.

Жер учаскесі мемлекет қажетіне қайтарылып, нысан бұзылды

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының тексеруі нәтижесінде Тұран ауданындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 көпсалалы мектеп-гимназиясының алдында орналасқан коммерциялық нысан мектептің кіріп-шығу жолына кедергі келтіргені анықталды.

Нәтижесінде жер телімі мемлекет қажетіне толық қайтарылып, Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес келмейтін нысан толық бұзылды. Бұл тұрғыда меншік иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нысанды бұзу барысында техникалық қауіпсіздік және заң талаптары сақталды.

Жанармай бекеттеріндегі қауіпсіздік талаптары пысықталды

Шымкентте қала аумағындағы жанар-жағармай бекеттеріне мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 70-ке жуық бекеттің қауіпсіздік және күтіп-ұстау талаптарына сай келмейтіні анықталды.

Нақты айтқанда кейбір жанармай бекеттерінде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмай, санитарлық ережелер бұзылған, ал бірқатарының аумағын абаттандыру деңгейі төмен. Сонымен қатар, нысандарды күтіп-ұстауда кемшіліктер табылды.

Осы олқылықтарды жою мақсатында қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтың төрағалығымен жиын өтті. Оған аудан әкімдіктерінің, басқармалар мен өңірлік департаменттердің басшылары, жанар-жағармай бекеттерінің өкілдері қатысты.

Жиында жанармай бекеттеріндегі кемшін тұстарды жою мәселесі талқыланып, талапқа сай келтірудің нақты мерзімдері белгіленді. Кәсіпкерлерге бірқатар ұсыныстар берілді.

Құрметті қала тұрғындары! Құрылыс-монтаждау, жауапкершілік пен қауіпсіздік жұмысының алдында заң және құрылыс нормаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Заң сақталмаған жағдайда ірі көлемдегі айыппұлдар салынып, заңсыз құрылыс бұзылуы мүмкін.

Мемлекет Басшысы «біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз» деген еді. Мұны да естен шығармайық!

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...