Түркістандағы 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы бақылауда — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістандағы 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы бақылауда

Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба түркиялық «YDA Group» компаниясының жеке бастамасы негізінде іске асырылып жатыр.

Түркістан облысына ресми іс-сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге облыс орталығында салынып жатқан әлеуметтік нысанның құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Мердігер компанияның өкілдерімен кездесті. Жобаға қатысты мәселелер мен жоспарды пысықтады.

Қанат Бозымбаев жобаның стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауды және барлық инженерлік инфрақұрылымды толық аяқтауды тапсырды.

Облыс басшысы Нұралхан Көшеров заманауи медициналық жабдықтармен қамту және кадр мәселесін алдын ала шешу қажет екенін атап өтті. Болашақта аурухана жоғары технологиялы емдеу қызметін ұсынатын аймақтық орталыққа айналуы тиіс. Осыған сәйкес, мамандар даярлау, қызмет сапасын арттыру, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін күшейту бағытында нақты жоспар әзірлеу қажеттігі айтылды.

Заманауи нысан 15,6 гектар аумақта бой көтерген. 7 қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 83 277 шаршы метр. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 87 пайызы аяқталған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...