Шымкентте кардиохирургтер конгресі өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте кардиохирургтер конгресі өтті

Шымкентте кардиохирургтердің халықаралық конгресі ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.

«Инновациялар, технологиялар және әлемдік тәжірибе» атты тақырыпен өткен жиынға Қазақстан мен ТМД елдерінің жетекші мамандары қатысты. Конгресс аясында жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің заманауи әдістері мен озық технологиялары талқыланды.

Кардиохирургтер конгресі «Шымкент жүрек орталығының» 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Ширек ғасырда отандық медицина қарыштап дамыды. Салаға жоғары технологиялар енгізіліп, озық операциялар сәтті жасалды. Осылай деген қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жиынның салтанатты ашылу рәсімінде сала мамандарын құттықтады.

Ғабит Сыздықбеков, қала әкімі:
— Қала әкімдігі әрдайым медицина саласында игі бастамаларды қолдап, инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сіздердің тәжірибелеріңіз, ғылыми ізденістеріңіз бен жаңашыл көзқарастарыңыз сапалы әрі қолжетімді медицинаның берік негізі.

Конгресте инновациялық технологияларды енгізу, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жас кардиохирургтерді қолдау мен олардың кәсіби біліктілігін арттыру жолдары қарастырылды. Жетекші мамандар өзара тәжірибе алмасу мақсатында 6 күрделі операцияны бірлесіп жасады.

Гүлмира Әліпова, «Шымкент жүрек орталығы» басқарма төрағасының орынбасары:
— Жүректің қолқаларының инвазивтік әдіспен кави операциялар жасалуда. Одан бөлек LVAD отасы жасалынды.

Жүрек орталығы базасында Ұлттық ғылым академиясының филиалы ашылды. Енді өңірде медициналық ғылымды дамыту мақсатында зерттеулер жүргізіліп, инновациялық жобалар жүзеге асырылады.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті:
— Медицина, экология, урбанистика, психология, цифрлық технологиялар зерттеулері болады. Бұл аурудың себептерін түсінуіміз керек. Сондықтан ғылыми зерттеулер Астана, Алматыда емес, Шымкентте ашылып жатыр.

Тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім аясында жүрек ауруларының алдын алу мақсатында ашық есік күндері ұйымдастырылып, тұрғындарға тегін скрининг өткізіледі.

© «24KZ» телеарнасы

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...