Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясында маңызды мәселелер қаралды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясында маңызды мәселелер қаралды

2025 жылғы 28 қараша күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті.

Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы З.Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді.

Сессияның күн тәртібінде 8 маңызды мәселе қаралды.

Атап айтқанда, 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін лауазымынан босату, «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі Ережесіне өзгерістер енгізу туралы және басқа да мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.

Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

Өз кезегінде З.Жолдасов сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.

Түркістан облыстық мәслихаты

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...