Түркістан: Секторлардағы өзекті мәселелер бойынша жиын өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Секторлардағы өзекті мәселелер бойынша жиын өтті

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен Шауғар, Яссы және Бірлік секторларындағы өзекті мәселелер мен атқарылған жұмыстарды талқылауға арналған жиын өтті.

Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, сектор жетекшілері, бөлім басшылары және жауапты мекемелердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қала басшысының тұрғындармен кездесуі кезінде айтылған өтініштер мен ұсыныстардың орындалу барысы жан-жақты қаралды.

Сондай-ақ, қалалық инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру, санитарлық тазалық, жол сапасын арттыру, көшелерді жарықтандыру, су және кәріз жүйелерін жақсарту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым бойынша мәселелер талқыланды.

Шауғар секторында биыл 22 бейнебақылау камерасы орнатылған. Ал Бірлік секторында қоршаған ортаны ластау фактісімен 578 айыппұл рәсімделіп, оның 53-і бойынша ескерту жасалса, Яссы секторында тазалық және абаттандыру қағидаларын бұзу деректері бойынша 1205 айыппұл тіркеліп, 70 азаматқа ескерту берілген.

Жиында қала басшысы сектор жетекшілеріне әрбір мәселені нақты мерзіммен шешуді, тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнатуды, жол, жарық, су және кәріз жүйелеріне қатысты жобалық-сметалық құжаттарды жедел әзірлеуді тапсырды.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз-қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...