Шымкент: биыл қала көшелеріне 35 мыңнан аса шам орнатылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: биыл қала көшелеріне 35 мыңнан аса шам орнатылды

Шымкент қаласында көшелерді жарықтандыру мақсатында тиісті жұмыс атқарылып, 1800-ге жуық көшеге жалпы саны 35 218 жарық шамы орнатылды. Соның нәтижесінде жыл соңына дейін қала көшелері 100% жарықтандырылады.

Атап айтқанда, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан:

Абай ауданында 721 көшеге 12 787 жарық шамы;
Әл-Фараби ауданында 72 көшеге – 776 шам;
Еңбекші ауданында 239 көшеге – 7 096 шам;
Қаратау ауданында 413 көшеге – 10 253 шам;
Ал Тұран ауданында 313 көшеге 4 306 жарық шамы қойылған.

Жылдың соңына дейін тағы 985 көшеге шамдар орнатылып, қала көшелерін жарықтандыру көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланған.

Тиісті жұмыс атқарылып, толық іске қосылғаннан кейін жалпы саны 2 743 көшедегі шамдар күтіп-ұстау үшін Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылым басқармасының теңгеріміне 2025 жылдың желтоқсан айында өткізілмек.

Айта кетейік, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2024 жылы қала аумағындағы 1238 көшеге 33 422 жарық шамы орнатылып, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының теңгеріміне өткізілген.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...