2024 жылғы Президент Жолдауын жүзеге асыру: шикізаттық емес экспорт пен сауда көлемі 8,6%-ға өсті — Xnews — ақпарат агенттігі

2024 жылғы Президент Жолдауын жүзеге асыру: шикізаттық емес экспорт пен сауда көлемі 8,6%-ға өсті

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде сауданы дамыту және еліміздің экспорттық әлеуетін күшейту бойынша жұмыстар жүргізіп келеді.

Үкімет отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру және шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бизнесті жүргізудің ашық ережелері қалыптасып, ішкі сауда дамуда және отандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуы үшін инфрақұрылым жасалуда.

2025 жылғы қаңтар–шілде айларында сауда көлемі 8,6%-ға, ал салаға салынған инвестиция көлемі І жартыжылдықта 37%-ға өсіп, 438 млрд теңгеге жетті.

«Сауда саласында 800 мыңнан астам бизнес субъектісі айналысып, 1,5 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. “Айтылды-жасалды» қағидаты бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмалары қарқынды түрде жүзеге асырылуда»,
— деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Послание-2024: объем торговли вырос на 8,6%, в отрасли занято 1,5 млн человек

В рамках реализации Послания Президента Касым-Жомарта Токаева «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм» и иных поручений Главы государства Правительством ведется работа по развитию торговли и расширению экспортного потенциала страны.

Для укрепления позиций отечественных производителей, увеличения объемов несырьевого экспорта и поддержки малого и среднего бизнеса Правительством проводится системная работа. Формируются прозрачные правила ведения бизнеса, развивается внутренняя торговля и создается инфраструктура для выхода казахстанских товаров на внешние рынки.

За январь–июль 2025 года объем торговли увеличился на 8,6%, а инвестиции в отрасль за первое полугодие выросли на 37%, достигнув 438 млрд тенге.

«В торговле задействовано свыше 800 тысяч субъектов бизнеса, которые обеспечивают рабочими местами более 1,5 миллиона человек»,
— отмечает министр торговли и интеграции Арман Шаккалиев.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...

Түркістанда толық циклді мақта-тоқыма кластері дамуда

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасын ...