Қазақстан экономикасының өсуі: Саннан – сапаға қарай

2025 жылы Қазақстан экономикасы сенімді өсім көрсетуде — ЖІӨ 6,3%-ға артты. Бірақ экономикалық көрсеткіштер ең алдымен адамдардың күнделікті өміріне қалай әсер ететінімен маңызды.

Соңғы жылдары еліміз айтарлықтай жанданды. Ішкі туризм 40%-ға өсіп, 10,5 миллион адамға жетті. Шетелге шыққан қазақстандықтардың саны үш есеге артты. Авиа және такси тасымалы да көбейді: таксимен жүрген жолаушылар саны 2018 жылғы 54,3 миллионнан 2024 жылы 73,3 миллионға дейін өскен – бұл 35% өсім.

Азаматтардың әл-ауқатының артуы тұрғын үй нарығында да байқалады: 2020–2024 жылдары 1,1 миллионнан астам адам өз баспанасына ие болды. Бұл – табыстың өсуі мен еркіндіктің көрсеткіші.

Қазақстандықтардың өмір сапасы да жақсарып келеді: тамақтану мәдениеті өзгеріп, ет пен жеміс-жидек тұтыну артты. Әлеуметтік осал топтарға арналған азық-түлік себеті 20 позициядан 43-ке дейін кеңейді.

Қалалар мен ауылдарда газ тарту, жарықтандыру, жол жөндеу, аулаларды абаттандыру жұмыстары күшейді. Мұның бәрі – жаңа сапалы өмірдің іргетасы.

Экономикалық өсім – мақсат емес, құрал. Бастысы – сол өсім әр отбасының тұрмысында, әр адамның мүмкіндігінде сезілетіндей болуы. Қазақстанның жаңа кезеңі – сандық өсімнен сапалы дамуға бет алу кезеңі.

x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агроөнеркәсіп кешенін кешенді жаңғыртудың жаңа кезеңін таныстырып, саланы қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция тарту ...