Шымкенттік спортшы әлемдік аренада қола медаль алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттік спортшы әлемдік аренада қола медаль алды

Қытайдың Уси қаласында өткен таэквондодан (WT) Әлем чемпионатында жерлесіміз Нодира Ахмедова қола жүлде жеңіп алған болатын. Шымкент қаласының халықаралық әуежайынан тарихи жеңіспен оралған спортшыны күтіп алу рәсімі өтті. Іс-шараға спорт мектебінің басшылары, жаттықтырушылар, жас спортшылар және Ахмедованың ата-анасы, бауырлары қатысты.

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нодира Ахмедова жарысты жартылай финалда аяқтап, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Жартылай финал кезеңінде ол Қытайлық Тайпей елінің өкілі Ю Юн Люге есе жіберді. Екінші айналымнан бастап бақ сынаған жерлесіміз Бразилия, Канада және Тайланд спортшыларын тізе бүктіріп, жартылай финалға дейін жетті. Жиында спортшының жеке бапкері Давран Ризаев, тарихи медаль иегері Н.Ахмедова енді алдағы Азия ойындары, Олимпиадаға дайындық жүргізетінін айтты.

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында соңғы рет 2007 жылы (Бейжіңде) қола жүлде алған болатын. Осылайша, Нодира Ахмедова арада 18 жыл өткен соң, еліміздің әйелдер таэквондосына әлемдік деңгейдегі медальді тарту етті.

Сондай-ақ, Шымкент қаласына таэквондодан әлем чемпионатының медалі араға 26 жылдан кейін келді. Соңғы рет 1999 жылы Әділхан Сағындықов әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған еді. Айта кетсек, биылғы әлемдік сайысқа Шымкент қаласынан үш спортшы аттанды. Н.Ахмедова жартылай финалға дейін жетсе, Самирхон Абабакиров ширек финалда қарсыласына есе жіберіп алды.

x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...