«Стоп-вейп!» акциясы / акция «Стоп-вейп!»

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы және «нөлдік төзім» қағидасы аясында халық арасында профилактикалық іс-шара өтті.

Шымкент қаласының прокуратурасы мәлімдеме жасады.

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, электрондық тұтыну жүйелерін (вэйптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз сақтау, тасымалдау, сату және тарату үшін қылмыстық жауаптылық (ҚК-нің 301-1-бабы) көзделген.

Осыған байланысты және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының прокуратурасы 2025 жылдың 3-5 қараша аралығында электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды ерікті түрде тапсыру жөніндегі профилактикалық акция өткізеді.

Қабылдау пункттері қаланың барлық аудандарында жұмыс істейді.

Әрбір азамат вэйптер мен сұйықтықтарды ешқандай салдарсыз және жауапкершіліксіз ерікті түрде тапсыра алады.

Акцияға қатысушыларға естелік сыйлықтар мен тәттілер табысталады.

Шымкент қаласының прокуратурасы қала тұрғындарын, әсіресе жастар мен ата-аналарды, вэйп қолданудан бас тартуға және жас ұрпақтың денсаулығын сақтауға өз үлесін қосуға шақырады.

В рамках концепции «Закон и порядок» и принципа «нулевой терпимости» состоялось профилактическое мероприятие среди населения.

Прокуратура города Шымкент сделала заявление.

Уважаемые жители города Шымкента! В соответствии с изменениями, внесёнными в Уголовный кодекс Республики Казахстан, за незаконное хранение, перевозку, сбыт и распространение электронных систем потребления («вейпов»), ароматизаторов и жидкостей для них установлена уголовная ответственность (статья 301-1 УК РК).

С целью разъяснения норм нового законодательства и предупреждения правонарушений прокуратура города Шымкента с 3 по 5 ноября 2025 года проводит профилактическую акцию по добровольной сдаче электронных систем потребления и комплектующих к ним.

Пункты приёма будут работать во всех районах города.

Каждый гражданин может добровольно сдать вейпы и жидкости для них без каких-либо последствий и ответственности.

Прокуратура города Шымкента призывает жителей, особенно родителей и молодёжь, проявить сознательность, отказаться от использования вейпов и внести вклад в сохранение здоровья нации и будущего поколения.

ҚАБЫЛДАУ ПУНКТТЕРІ
Әл-Фараби ауданы
Q Shymkent Plaza сауда орталығы, Әл-Фараби даңғылы, 3/1

Абай ауданы
Q «Самал» базары, ТРысқұлов көшесі бойында «Алаш» базары, Темірлан тасжолы бойында

Еңбекші ауданы
Q «Gramad» сауда орталығы, Жібек жолы көшесі, 58 «Фиркан» сауда орталығы, Тәуке хан даңғылы, 330

Қаратау ауданы
Q Shymkent City Mall, Бәйдібек би даңғылы, 362/7
Rahima Plaza, Нұрсат м/а, 7/1
Diamond Plaza, Н.Назарбаев даңғылы, 177Б
(Нұрсат м/а)

Тұран ауданы
Q Баян-Сұлу сауда орталығы,Тамерлан тасжолы, 3/5 Юг Сити сауда орталығы, Аскаров көшесі, 13/1

Q 3-5 ҚАРАША
09:00-18:00

БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ
Шымкент қаласының прокуратурасы
Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 97
Тел.: +7 (7252) 99-81-50
Instagram: @shymkent.prokuratura

КОНТАКТЫ И ИНФОРМАЦИЯ
Прокуратура города Шымкента г. Шымкент, ул. Тауке хана, 97
Тел.: +7 (7252) 99-81-50
Instagram: @shymkent.prokuratura

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...