Дәрігерлер сирек кездесетін мойа-мойа ауруына шалдыққан балаға күрделі ота жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Дәрігерлер сирек кездесетін мойа-мойа ауруына шалдыққан балаға күрделі ота жасады

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлер сирек кездесетін ми қан тамырлары ауруына шалдыққан 13 жастағы науқасқа күрделі ота жасады.

Мойа-мойа (жапон тілінен аударғанда – «түтін клубы», «тұман») – ми тамырларының баяу тарылуымен сипатталатын созылмалы әрі прогрессивті ауру. Бұл дерт кезінде мидың қан айналымын қамтамасыз ететін жаңа ұсақ тамырлар желісі түзіліп, ангиограммада жеңіл тұман әсерін тудырады. Ауруды емдеудің жалғыз тиімді әдісі – хирургиялық жол.

Науқас бала аурухананың нейрохирург дәрігеріне жолдама арқылы қаралған. Қосымша зерттеулер (МРТ) нәтижесінде диагноз нақтыланып, нейротравматология бөлімшесіне жатқызылған. Барлық дайындық шараларынан кейін 4 сағатқа созылған ота заманауи операциялық микроскоп көмегімен сәтті өтті.

Отадан кейін баланың жағдайы тұрақты, есін жиған, қазіргі таңда үйіне шығарылды.

Күрделі отаны нейрохирург дәрігерлер Е.Медетов пен Т.Абдуллаев, анестезиолог Б.Алменов орындады.

Бұл – Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасы мамандарының кәсіби шеберлігін және заманауи медициналық технологиялардың жоғары деңгейін дәлелдейтін кезекті жетістік.

«Мойя-мойя ауруы – сирек кездесетін ауру. Бұл мың баланың бірінде кездеседі. Аурудың дамуына байланысты мидың қан тамырлары бітеліп, инсультке әкелуі мүмкін. Пациенттіңөміріне қауіп төндіретін осындай аурумен мүгедек болу қаупі басым болады. Біз операция кезінде мұндай қауіптің алдын аламыз, мидың бітелген тамырларын хирургиялық жолмен емдейміз», — дейді бас дәрігердің хирургиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Ержан Ерманұлы.

Мойя-мойя бүкіл әлемде таралғанымен, ол Жапония және Кореяда жиі кездеседі. Ал, Солтүстік-Шығыс Үндістанда кең таралған.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...