Инвестициялық саясат – экономиканы дамытудың негізгі тетігі — Xnews — ақпарат агенттігі

Инвестициялық саясат – экономиканы дамытудың негізгі тетігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің инвестициялық саясатын жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік инвестициялар мен жеке бизнестің бастамаларына бірдей назар аудару – экономикалық өсудің басты шарты.

Мемлекет басшысы ірі инвесторлармен қатар, орта және шағын бизнес өкілдерімен де тығыз байланыс орнату қажеттігін айтты. Бұл – нақты мақсаттар мен экономикалық қажеттіліктерді айқындауға, өндіріс саласындағы сұранысты нақтылауға мүмкіндік береді. «Инвестицияға тапсырыс» ұғымы нақты өндірістік қажеттілікке сай қалыптасуы тиіс. Президенттің айтуынша, ел экономикасын дамыту үшін инвестициялық саясат нақты, мақсатты және теңгерімді болуы қажет. Бұл бағытта мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестік маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы банк секторы мен қаржы жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесіне де тоқталды. Ұлттық банк пен Үкімет банктердің қаржысын нақты экономиканы дамытуға бағыттаудың тиімді жолдарын табуы тиіс. Бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды – шұғыл шешім қабылдау қажет.

Президент банктер туралы жаңа заң қабылдау керектігін айтты. Ол заң экономиканың қазіргі сұранысына, технологиялық өзгерістерге сай болуы тиіс. Құжатта бәсекені күшейту, жаңа қаржы ұйымдарының нарыққа енуі, қаржы жүйесінің цифрлануы мен жаңғыруы, сондай-ақ цифрлық активтерді реттеу мәселелері ескерілуі қажет. Мемлекет басшысының бұл бастамалары Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашады.

Xnews: Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында әр облыс, қалаларда жұмыс тоқтаған емес. Мәселен Шымкент қаласында инвестиция тарту көлемі жыл сайын артып келеді. Тек биылдың қаңтар–сәуір айларының өзінде қалаға 233 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға жоғары көрсеткіш болды. Ел Үкіметінің жоспарына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін Шымкентке 1 триллион 54 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Мегаполисте жүзеге асырылып жатқан бұл шаралар Шымкенттің өндірістік әлеуетін күшейтіп, экономиканы жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға да серпін беруде.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...

Түркістанда толық циклді мақта-тоқыма кластері дамуда

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасын ...