20 қазаннан бастап ІІІ лек үшін бизнес-идеяларға грантқа өтінім қабылданады

2025 жылдың 20 қазанынан 3 қарашаға дейін Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдау басталады.

Шымкентте 93 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр.

Грант көлемі – 400 АЕК (1 572 800 теңге);

Мақсаты – жаңа бизнесті бастау немесе дамыту;

Жобаға жұмыссыз ретінде тіркелген тұрғындар, жеке кәсіпкерлер қатыса алады.

Өтінім беру үшін: Порталда тіркеліп, грант шарттарына сәйкестікті растап сонымен қатар бизнес-жоспарды толтыру қажет. Айта кетейік өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою керек.

Анығыратсақ айтсақ, өтінім толтыру үшін:
• порталға тіркелу
• грант шарттарына сай тексеруден өту
• бизнес-жоспар толтырып жүктеу (үлгісі бар)
• өтінім формасын толтырып, ЭКҚ қол қою

`Грант кімдерге беріледі?
Өтініш бергендер жұмыссыз ретінде рәсімделген болуы қажет немесе кейінгі үш жылда жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс. Сондай-ақ үміткердің «Бизнес Бастау» жобасынан кәсіпкерлікке қатысты оқудан өтті деген сертификаты болғанына қарайды.

«Процестің ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды азайту және өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін грант беру толығымен электрондық форматқа ауыстырылды. Грантқа өтініштер Business.enbek.kz порталы арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қабылданады. Грант қаражатын қажетті құрал-жабдық, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтар сатып алу, мал, құс, жануарлар, көшет, бұта, тұқым алу немесе ғимарат жалдау ақысын төлеу үшін алуға болады», – деп жазылған хабарламада.

Грант беру қалай жүзеге асырылады?
Үміткерлер комиссия алдында бизнес-жобасын қорғайды. Әрбір комиссия мүшесі бизнес-жоспармен танысып, оны бағалайды. Комиссия шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Оң шешім шықса, үміткер банк реквизитін көрсетеді. Соған қаражат аударылады. Келісімге қол қойылып, тоқсан сайын қаражаттың жұмсалғаны жайлы есеп береді.

Сондай-ақ, мансап орталықтары немесе ХҚКО-лардағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы өтініш беруге болады. Комиссия шешімі порталдағы жеке кабинетке жіберіледі. Қолдау тапқан жағдайда, шартқа қол қойылып, қаражаттың жұмсалуы бойынша тоқсан сайын есеп беріледі – бәрі электронды форматта.

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...