«Ұлт руханияты және Жәнібеков тағылымы» Халықаралық форумы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

«Ұлт руханияты және Жәнібеков тағылымы» Халықаралық форумы өтті

Түркістан, 17 қазан 2025 жыл – Түркістан Оқушылар сарайында «Ұлттық құндылықтар академиясы» РҚБ-нің Түркістан облыстық филиалының ашылуына орай «Ұлт руханияты және Жәнібеков тағылымы» халықаралық форумы өтті.

Форумның басты мақсаты – заманауи мүмкіндіктер мен сын-қатерлер тұсында ұлттық құндылықтардың танымдық және тағылымдық негізінде білім мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз ету, этностық жәдігерлерімізді, ұлт руханиятын және Өзбекәлі Жәнібек секілді тарихи тұлғалардың тағылымын дәріптеу.

Жиынға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қарақалпақстаннан келген ғалымдар, «Ұлттық құндылықтар академиясының» мүшелері, Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдері, білім басқармалары, ақсақалдар алқасы, қалалық және облыстық мұражай орталықтары, қоғамдық ұйымдар, ЖОО оқытушылары мен педагогтер қатысты.

Ұлттық құндылықтар академиясының төрағасы, Химия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан ПҒА академигі Әділхан Төлегенұлы филиалдың Түркістанда ашылуын тек қуаныш емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік екенін атап өтіп, ұлттық құндылықтарды насихаттау жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Форум аясында ұлттық құндылықтар тақырыбындағы оқу-танымдық әдебиеттер көрмесі мен қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, академия мүшелігіне тіркеу куәліктері табысталды.

«Ұлттық құндылықтар академиясы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Индира Сарқытқызы өз сөзінде: “Бұл форум білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, ұлттық құндылықтарымыздың дамуына үлес қосатын маңызды алаң. Осындай шараларда жерлестеріміздің көптеп қатысуы және филиалдың Түркістан өңірінде ашылуы біз үшін үлкен қуаныш. Ұлттық мұрамызға үлес қосу жолында еңбек етеміз деп сенім білдіремін” – деді.

Форум барысында баяндамашылар Өзбекәлі Жәнібеков және ұлттық құндылықтар тақырыбында тың идеялар мен ұсыныстарын ортаға салды. Шара білім мен тәрбиенің біртұтастығын нығайтып, тәжірибе алмасуға жол ашты.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...