Түркістан: Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексеріп, І және ІІ мөлтек аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйелері мен жертөлелерін аралады. Аралау барысында қала басшысы нысандардың дайындығын көзбен көріп, тұрғындармен тілдесіп, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Биылғы жылы І–ІІ мөлтек аудандарындағы 75 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Қазіргі таңда тұрғын үйлер жылыту маусымына толық дайын.

Қазіргі таңда қала бойынша 12 561 тұтынушы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Оның ішінде 223 көпқабатты тұрғын үй, 18 бюджеттік ұйым, 55 кәсіпкерлік нысан және 36 жеке тұрғын үй бар. Барлық тұтынушыларға жылу беру кестеге сай және тұрақты жүргізілуде.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жылу маусымының сапалы және үздіксіз өтуін қамтамасыз ету – жауапты мекемелердің басты міндеті екенін атап өтті.

Сондай-ақ, тұрғындардан келіп түсетін өтініштерге жедел әрекет ету, ақау анықталған жағдайда дер кезінде жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігін тапсырды.

— «Қала қысқа толық дайын болуы керек. Әрбір көпқабатты тұрғын үй мен әлеуметтік нысанның жылыту жүйесі үздіксіз жұмыс істеуі маңызды. Тұрғындардың жайлылығы – біздің басты назарымызда. Осы бағыттағы жұмыстар күн сайын бақылауда болуы тиіс», – деді қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы.

Қысқы маусымның тұрақты және қауіпсіз өтуі үшін қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастырмақ.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...