Түркістан облысында жүк көліктеріне арналған 7 дана автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында жүк көліктеріне арналған 7 дана автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылады

Түркістан облысында ауыр салмақты жүк көліктерінің жүк арту талабын сақтау мақсатында бірқатар ауқымды шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, облыс аймағында 7 дана автоматтандырылған өлшеу станцияларын (АӨС) орнатылады. Қазіргі таңда 2 станция жұмыс істеп тұрса, жыл соңына дейін қосымша екеуі іске қосылады. Бұл жайында Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда ауыр жүк тасымалдаушылар тарапынан 1 045 құқықбұзушылық анықталып, 524 млн теңге айыппұл салынған. Оның қазіргі таңда 125,1 млн теңгесі өндірілді. Жуырда ғана облыс әкімдігінің қабылдау бөлімінде ауыр жүк тасымалдаушылар өкілдерін қабылдау өтті. Онда жүргізушілер өздерін алаңдатқан сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Айта кетейік, автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату, жүк көліктерінің белгіленген салмақтан артық жүк артпай тәртіп сақтауы — жолдардың жақсы қалыпта сақталуына сеп болмақ»- деді Қуатжан Әзімбайұлы.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан “Түркістан бойынша бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ басшысы Ербол Ахметов жүк көліктерге қойылатын талаптарға тоқталды.

«Қазіргі уақытта Арыс қаласына қарасты облыстық маңызы бар КХ-8 және КХ-92 автомобиль жолдарына автоматтандырылған өлшеу станциялары жұмыс істеп тұр. Жалпы жүк көліктеріне бірқатар талаптар қойылған. Нақтырақ айтар болсақ, 1 осьтік жүк көліктеріне — 10 тонна, 2 осьтікке — 18 тонна, 3 осьтікке — 20 тонна және тіркемесі бар жүк көліктерге — 50 тоннаға дейін жүк артуға рұқсат етіледі. Талаптар сақталмаған жағдайда айыппұл салынады»- деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...