Шымкенттегі фармацевтикалық өндірісті дамыту мәселелері талқыланды

Шымкент қаласының әкімі «Химфарм» ЖШС-нің бас директоры Адам Алексеюкпен кездесті. Кездесу барысында Шымкенттегі фармацевтикалық зауыттың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қаралды.

Тараптар зауыттың өндірістік қуатын жаңғырту, заманауи технологиялық шешімдерді енгізу және отандық дәрі-дәрмек өндірісін арттыру мәселелерін кеңінен талқылады.

Сонымен қатар, дәрі-дәрмек бағасын реттеу, бағаның өсуін тежеу және тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы отандық препараттармен қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатқан шараларға да ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында қала әкімі мемлекет пен бизнестің өзара тиімді әрі тұрақты әріптестігі фармацевтика саласын дамытуда аса маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл ішкі нарықты нығайтып қана қоймай, қазақстандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыруға да септігін тигізетіні айтылды.

Шымкент қаласы әкімдігі салада қолға алынатын бастамаларға қолдау көрсетуге және отандық фармацевтикалық өнімдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыруға дайын екенін білдірді.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...