Түркістан: Арыста «Таза жағалау» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Арыста «Таза жағалау» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

Арыс қаласында «Таза жағалау» акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шара экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Сенбілікке мемлекеттік қызметкерлер, коммуналдық сала мамандары, белсенді жастар, түрлі ұйымдардың өкілдері және еріктілер атсалысты.

Бұл жолғы сенбілік аудандағы Теміржолшы елді мекеніндегі өзен жағасында өткізілді. Қатысушылар табиғи аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалап, жағалау бойындағы қоқыстарды жинады. Сонымен қатар, өзен маңындағы арамшөптер оталып, айнала барынша тазартылды.

Акция өзен-көлдер мен су айдындарының жағалауларын қоқыстан арылтып, экологиялық мәдениетті нығайту және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыру мақсатында қолға алынған. Сонымен бірге, бұл бастама қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғауға аударып, табиғатқа жанашырлықты қалыптастыруға ықпал етеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...