Түркістан облысында жылыту маусымы қазан айынан басталады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында жылыту маусымы қазан айынан басталады

Түркістан облысында биылғы жылыту маусымы 15 қазан мен 1 қараша аралығында басталады деп жоспарлануда. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Олжабайқызы баспасөз жиынында баяндады.

«Облысқа жылыту маусымына жалпы көлемі 594,3 мың тонна көмір қажет. Қатты отынды жеткізумен аймақтағы 28 өңірлік оператор айналысады. Қазіргі таңда облыстағы көмір сақтау қоймаларында 94 мың тонна көмір бар. Басқарма тарапынан жасалған талдауға сәйкес, Шұбаркөл маркалы көмірдің орта бағасы сортына қарай тоннасына 21-25 мың теңгені құрап отыр. Облысқа қажетті 8 мың тонна әлеуметтік мазутты ҚР Энергетика министрлігі тарапынан тасымалдаушы операторлар анықталып, бағасы бекітілген. Тасымалдау бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Облысқа бюджеттік мекемелерге 3,1 млн литр дизель отыны қажет, оның қазіргі таңда тасымалданғаны 1,1 млн литр. Облыстағы негізгі ірі энергия көзі болып табылатын мекемелер бойынша алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аясында кестеге сәйкес, 1 жылу-энерго орталығында, 7 қазандықта, 2 турбинада, 44,8 шақырым жылыту желілерінде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ағымдағы жағдай бойынша 4 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жылу-энерго орталығының 2 қазандығы және 2 турбинасы, сондай-ақ орталықтандырылған 3 қазандық бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда жылыту желілердің 44,2 шақырымы ауыстырылды» — деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...