Түркістан: Сауран ауданында заманауи зауыт салынады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Сауран ауданында заманауи зауыт салынады

Сауран ауданында өңір экономикасына тың серпін беретін жаңа өндіріс ошағының іргетасы қаланды. «Мақтұм Сейіт» ЖШС, Түркияның CORUNEX компаниясы және Сауран ауданы әкімдігі үш жақты меморандумға қол қойып, Үшқайық ауылдық округіндегі арнайы өндірістік аймақтың 3 гектар аумағында жобаны жүзеге асыруды бастайды.

Жобаның жалпы құны – 3 миллиард теңге. Бұл қаржыға қасбет бояулары мен гидрооқшаулағыш материалдарын шығаратын заманауи зауыт салынады. Өндірістік қуаты тәулігіне 8-10 тонна өнімді құрайды. Жоба толық іске қосылған соң, ішкі нарықтағы импортты алмастыруға, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстанға экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Шараға Түркістан облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов қатысып, жобаның аймақ үшін маңыздылығына тоқталды.

– Бұл – өңіріміздегі индустриялық-инновациялық дамуға үлес қосатын ірі бастама. Жоба жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Түркістан облысы инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасап келеді, – деді басқарма басшысы.

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров өз сөзінде жобаның аудан экономикасы үшін стратегиялық мәнге ие екенін атап өтті.

– Біз инвесторларға толық қолдау көрсетеміз. Бұл зауыт іске қосылған соң, жергілікті жастар жұмыспен қамтылып, ауданымыздың өнеркәсіптік әлеуеті күшейеді, – деді аудан басшысы. Ал «Мақтұм Сейіт» ЖШС мен CORUNEX компаниясының өкілдері өндірісті заманауи халықаралық стандарттарға сай жүргізетінін жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...