Түркістан облысының Әкімі Нұралхан Көшеров Франциялық «Orano» компаниялар тобының басшысы николя маспен кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Францияның «Orano» компаниялар тобының басшысы Николя Маспен кездесу өткізді. Жұмыс сапары аясында өткен кездесуге Франция тарапынан келген делегация мүшелері де қатысты.

Кездесу барысында өңір басшысы Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері мен экономикалық әлеуеті туралы кеңінен айтып, шетелдік инвесторлар үшін жасалып жатқан қолайлы жағдайлар жөнінде баяндады. Әсіресе, уран өндіру саласындағы халықаралық серіктестіктің маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу аясында Николя Мас Созақ ауданында табиғи уран өндіретін «Қазақстандық-Француздық бірлескен кәсіпорын «КАТКО» ЖШС-ның жаңа басшысы Закариа Эл Марзукиді таныстырды. Нұралхан Көшеров жаңа басшыны құттықтап, Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді атсалысуға және өңір тұрғындарына бағытталған жаңа әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Облыс әкімі 2022 жылдың қаңтарынан бастап KATКO-ны бас директор ретінде басқарған Бастьен Паскальға атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап Бастьен Паскаль «Orano Canada Inc.» компаниясының бас директоры лауазымын атқарады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Елімізде 2026 жылдан бастап сән-салтанат салығы енгізіледі

2025 жылдың 18 шілде күні ҚР жаңа Салық Кодексі қабылданған болатын. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...