Түркістан: Жетісайда тауарлы балық шаруашылығы дамып келеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Жетісайда тауарлы балық шаруашылығы дамып келеді

Бүгінде жасанды тоғандар мен су нысандарында балық өсіру бойынша Түркістан облысы елімізде көш бастаса, соңғы жылдары Жетісай ауданында тауарлы балық шаруашылығымен айналысуға қызығушылық білдірушілердің саны артып келеді. Соның бірі – Атамекен ауылдық округінің тұрғыны Айман Базарова.

Жеке кәсіпкер осы жылдың мамыр айында жеке қаржысы есебінен балықтың дөңмаңдай (толстолоб) мен амур, сазан сынды түрлерінің 30 мың дана шабағын Шардара ауданынан алып келген. Бүгінде аумағы 3 гектар, тереңдігі 2 метрді құрайтын тоғандарда өсіріліп жатқан балықтардың орташа салмағы 6 айда 1 келіге жеткен. Қарашада саудаға шығарылуы жоспарланған балықтарға қазірдің өзінде Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан сұраныстар түсіп отыр.

Аудан әкімі Серік Мамытов жеке кәсіпкердің балық шаруашылығымен танысып, қолға алған кәсібін жан-жақты дамытуға мүмкіндігі бар екенін айтты.

–Бүгінгі таңда балық шаруашылығымен айналысатын шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көп. Мәселен, балыққа берілетін жемдер мемлекет есебінен субсидияланса, тауарлы балық өсіруші шаруашылықтарға арналған техника мен жабдық сатып алуға да қомақты қолдаулар көрсетіледі, – деді аудан әкімі.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында жасалып жатқан қолдаулардың тиімділігі мен артықшылықтары жайындағы сұрақтарына толық жауап алған кәсіпкер алдағы уақытта балық асырау бассейндерінің аумағын ұлғайтып, мемлекеттен жеңілдетілген несие алуға ниетті екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде балық шаруашылығын дамыту жайлы бастамасы мен Үкіметке жүктеген нақты тапсырмаларының аясында бүгінде ауданда балық өсіруді кәсіп еткендердің саны 10-ға жеткен.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...