Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында 100 жетігенші өнер көрсетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында 100 жетігенші өнер көрсетті

Бүгін халықаралық туризм күні! Мереке қарсаңында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында 100 жетігенші өнерін көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Олар келуші қонақтар мен зиярат етуші алаңда жетігеннің үнін көпшілікке тыңдатты.

Айта кетейік, Түркістан облысының туризм басқармасының ұйымдастыруымен, туризм күніне орай Түркістан қаласында «TURKISTAN WORLD CRAFT FEST-2025» халықаралық қолөнершілер көрмесінің салтанатты ашылуы өткен болатын.

Дүниежүзілік туризм күні 1979 жылы Дүниежүзілік туристік ұйымның, ЮНВТО-ның Бас Ассамблеясымен бекітілді және жыл сайын 27 қыркүйекте атап өтіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...