Ертең Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады — Xnews — ақпарат агенттігі

Ертең Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қоршаған орта статистикасы бөлімінің басшысы Төлбасиев Ержан Тоқтарханұлы мәлімдеді. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында өтеді. Бұл елдің аграрлық секторының жай-күйі туралы өзекті деректерді алуға бағытталған ауқымды статистикалық зерттеу.

Санақ ҚР Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі, өткізу мерзімі ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығын ескере отырып, ҚР Үкіметімен бекітілген. Іс-шара екі кезеңде өтеді: онлайн-сауалнама және үй шаруашылықтарын аралап өту.

Онлайн-кезең 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында өтеді, онда респонденттер санақ парақтарын өз бетінше толтыра алады. 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін интервьюерлер онлайн сауалнамадан өтпеген үй шаруашылықтарына баратын болады.

«Біз барлық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін санаққа белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл жай ғана статистикалық шара емес, бұл – азық-түлік қауіпсіздігі, фермерлерді қолдау және аймақтарды дамыту шешімдерінің негізі. Тек сенімді деректер ғана тиімді мемлекеттік аграрлық саясатты қалыптастыруға көмектеседі», — деп атап өтті Ержан Тоқтарханұлы.

Сауалнамаға өсімдік шаруашылығымен, мал шаруашылығымен және балық шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғалар, ЖК, фермерлік қожалықтар қатысуға тиіс.

Санақта қаламыздың 7455 ауыл шаруашылығы өндірушіс қамтылады деп жоспарланып отыр. Сауалнама өткізу үшін Шымкент қаласында 10 интервьюер тартылды.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ыңғайлы болу үшін аудандық әкімдіктерде және басқа да мемлекеттік ұйымдарда интернетке қосылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ашылады. Кеңес алу үшін азаматтар sanaq.gov.kz сайтында sanaq-Myrza виртуалды көмекшісіне немесе 1446 байланыс орталығына жүгіне алады.

«Шымкент келбеті»

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...