Көк туымызды көкте желбіреткен чемпиондар елге оралды — Xnews — ақпарат агенттігі

Көк туымызды көкте желбіреткен чемпиондар елге оралды

Болгарияның Албена қаласында өткен қол күресінен Әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген «Шардара Армспорт» клубының спортшылары елге оралды. Халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген чемпиондарды шардаралықтар ерекше ықыласпен қарсы алды.

Салтанатты қарсы алу рәсімі ұлттық дәстүрмен әрленіп, кең көлемде ұйымдастырылды. Шараға ардагерлер, әжелер, мектеп оқушылары мен қала жастары қатысты. Ұлттық киім киген апалар жеңімпаздарға шашу шашып, дәстүрлі қонақжайлықпен қымыз бен бауырсақ ұсынып, ыстық ықыластарын білдірді.

Шара барысында Мелдеби шағын ауданының биі, осы чемпионатта үш немересі жеңімпаз атанған ақсақал Ибрагим Бектұрсынов спортшыларға болашақ жарыстарда сәттілік тіледі. Қанай Датқа шағын ауданының биі Жеңіс Барболов ақ батасын берді.

Бұл жеңіс – жүйелі еңбектің нәтижесі. «Шардара Армспорт» клубының негізін қалаушы, аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың басшылығымен ауданда спорттың бұл түрі қарқынды дамып, халықаралық аренада тұрақты табысқа жетуде.

Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 1-орынға ие болды.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...