Шымкент қаласының әкімі Әлем және Азия чемпиондарымен кездесті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласының әкімі Әлем және Азия чемпиондарымен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әлем және Азия чемпиондарымен кездесті. Мақтаныш пен шабытқа толы атмосфера аясында спортшылар алған әсерлерімен бөліссе, қала басшысы олардың тамаша жетістіктерінің бүкіл ел үшін маңызды екеніне тоқталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағайынды Сабырхандарға арнайы алғыстар айтылды. Махмұд тұғырдың ең биік сатысына екінші рет көтерілсе, небәрі 19 жастағы інісі Төрехан тұңғыш рет әлем чемпионы атанып, төл тарихта қалды.

Шымкент спортында өзге де жетістіктер жетерлік. Бангкок қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Санжар-Әли Бегалиев алтын алса, тоғызқұмалақтан үш дүркін әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаев Абайдың 180 жылдығына арналған турнирде және үш дүркін әлем чемпионы Жұмажан Қожамбеков әскерилер арасындағы қазақ күресінен чемпион атанып, шеберлік көрсетті.

«Ерік-жігер, тәртіп пен спортқа деген адалдық осындай нәтижелерге жетелейді. Спортшыларымыздың жетістіктері жастарды шабыттандырады және Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін нығайтады», — деді қала әкімі.

Жеңімпаздарға демеушілер есебінен автокөліктер мен бағалы сыйлықтар табысталды. Жиын соңында қала басшысы чемпиондарды құттықтап, бапкерлері мен тәлімгерлеріне алғысын білдіріп, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тіледі.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы 2025 жылы Ливерпульде өткен Әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді.

Біздің спортшылар жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Бұл ел тарихындағы ең үздік нәтиже және ұлттық құрама үшін рекордтық көрсеткіш.

Бұған дейін төрт алтын – 2013 жылы Алматыда және 2023 жылы Ташкентте – ең үлкен жетістік деп саналған. Өзбекстандағы турнир IBA саясатына байланысты шектеулі бәсеке жағдайында өткендіктен, Ливерпульдегі турнирге әлемнің барлық мықты командалары өнер көрсетті. Сондықтанбұл көрсеткіш ерекше маңызды болып тұр.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...