Жаңа су қоймалары салынуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Жаңа су қоймалары салынуда

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңірде жаңа су құрылыстарын салу қолға алынуда. Қазірдің өзінде «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ, «Боралдай» су қоймасы жобасының жұмысы басталды. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін «Бөген» су қоймасына қосымша 113 млн. текше метр су жіберіледі деп күтілуде, бұл егістік алқаптарды сумен қамтамасыз етуді айтарлықтай арттырады.

Сонымен қатар Ордабасы мен Сауран аудандарында қосымша су қоймалары салынады, бұл тәулігіне 194 текше метрге дейін су жіберуге мүмкіндік береді.
«Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 890 мың гектарға егілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға көп. Оның ішінде, суармалы алқап 552,0 мың гектарды құрайды. Егістікке қажетті ағын су көлемі диқандардың сұранысына сәйкес бөлінеді. Вегетациялық маусым басталды және ол қалыпты деңгейде өтіп жатыр» деп атап өтті облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

«Ońtústik Qazaqstan» газеті

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...