Дәрілеу жұмыстары түнде де жүргізіледі — Xnews — ақпарат агенттігі

Дәрілеу жұмыстары түнде де жүргізіледі

Мамандардың мәлімдеуінше, күннің күрт ысуы салдарынан Марокко шегірткелерінің белсенділігі артқан. Сол себепті тиімділігі ескеріле отырып, дәрілеу жұмыстары түнгі уақытқа ауысты.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Келес, Сарыағаш аудандарындағы бірқатар секторларды аралап, химиялық өңдеу барысын бақылады. Сонымен қатар, Шардара ауданындағы Жаушықұм, Арыс қаласы аумағындағы Қожатоғай, Монтайтас ауылдарында, Ордабасы, Отырар аудандарының шекаралас алқаптарында атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдады.

Отырар мен Арыс, Ордабасы аудандарының шекаралас аумағында соңғы 4 күнде анықталған 850 гектар аумақ өңделіп, зиянкестен тазаланған. Анықтаушылар күндізгі уақытта алқаптарды аралап, зерделеуде. Бозай ауылдық округінде 40 анықтаушы, 7 техника, Жамбыл ауылдық округінде 30 анықтаушы, 6 техника, Ошақты ауылдық округінде 10 анықтаушы, 3 техника, Бірлік ауылдық округінде 60 анықтаушы, 11 техника жұмыс атқаруда.

– Тұрғындардың көмегімен анықталған ошақтар ерекше бақылауға алынып, кешіктірілмей, шұғыл дәріленуі тиіс. Анықтау, зерделеу жұмыстарын тоқтатпаймыз, – деген облыс әкімінің орынбасары жауапты қызметкерлерге барлық секторда кезекші техникалардың болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бүгінге дейін облыс бойынша шегірткеге қарсы 368,6 мың гектар жер дәріленді. Оның ішінде, Арыста – 132,9 мың, Келесте – 108,8 мың, Сарыағашта – 97 мың, Шардарада – 5724, Ордабасыда – 11,5 мың, Бәйдібекте – 5750, Қазығұртта 4954 гектар жер химиялық өңдеуден өтті.

«Ońtústik Qazaqstan» газеті

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...