Ордабасы: Өнеркәсіп саласында ірі инвестициялық жоба іске асады — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасы: Өнеркәсіп саласында ірі инвестициялық жоба іске асады

Ауданымызда өнеркәсіп саласында тағы бір ауқымды инвестициялық жоба іске аспақ.

Аудан әкімі Азат Оралбаев шетелдік инвесторлармен кездесіп, ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Кездесу нәтижесінде Бадам индустриялды аймағына іргелес орналасқан «КазМедПрибор» ЖШС-нің жеке меншік жер телімінде шетелдік «ALEM EURO PIR» компаниясының жаңа зауыт салу жобасы мақұлданды.

Жобаның жалпы құны – 4,5 миллиард теңге. Ірі өндіріс орны толық іске қосылғанда, мұнда 100 жаңа жұмыс орны құрылып, жергілікті тұрғындар тұрақты еңбекпен қамтылады деп күтілуде.

Зауыттың негізгі бағыты – құрылыс саласында сұранысқа ие сэндвич панельдерге арналған PIR (полиизоцианурат көбік) материалын өндіру. Жобаның алғашқы кезеңінде өндірістік қуаттылығы жылына 1 миллион шаршы метр дайын өнім шығаруға жетеді.

Бұл жоба тек жаңа технология және инвестиция тартумен шектелмей, жалпы өңдеу өнеркәсібінің дамуына серпін береді. Сонымен қатар, жергілікті бюджетке қосымша түсімдер әкеліп, кәсіпкерліктің дамуына жол ашады.

Ауданымызда соңғы жылдары инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл жоба сол еңбектің нақты нәтижесінің бірі.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...