Ордабасы: Аппараттық жиында негізгі міндеттер белгіленді — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасы: Аппараттық жиында негізгі міндеттер белгіленді

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен қызметкерлері, бөлім және сала басшылары, аумақ әкімдері қатысты.

Жиын барысында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралып, әрбір сала бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланды. Аудан әкімі баяндамаларды тыңдай отырып, әрбір мәселе бойынша жеке тоқталып, орындалуы тиіс нақты тапсырмалар берді.

Алғашқы кезек тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жұмысына арналды. Бөлім басшысы Арман Искаков атқарылған жұмыстар мен жоспарлар жөнінде баяндап өтті. Әсіресе, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, газ жеткізу, көпқабатты үйлерді күтіп-ұстау қызметін жақсарту мәселелері сөз болды. Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды ширатуды тапсырды.

Келесі кезекте ұлттық ауыл шаруашылығы санағының барысы туралы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков баяндама жасады. Ол санақтың қазіргі ахуалы, ауыл шаруашылығы саласының көрсеткіштері жөнінде ақпарат берді. Аудан басшысы санақтың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етуді, деректердің толық әрі нақты жиналуын қатаң бақылауды тапсырды.

Жиында күн тәртібіндегі негізгі мәселелерден бөлек, қоғамдық-саяси ахуал, «Таза Қазақстан» акциясы, елді мекендерді абаттандыру жұмыстары да қаралды.

Жиынды қорытындылаған Азат Оралбаев барлық сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, атқарылатын жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы тиістігін, тұрғындардың талап-тілектерін ескеріп, әрбір салада жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізілуі қажеттігін атап өтті.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...