Ордабасы: Қараспанда ауызсу мәселесі толық шешімін тапты — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасы: Қараспанда ауызсу мәселесі толық шешімін тапты

Ордабасы ауданының тұрғындары үшін маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – сапалы ауызсумен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда.

Бүгінде Қараспан ауыл округіне қарасты бірқатар елді мекендерінде ауызсу жүйесінің құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілмек.

Атап айтқанда, Жұлдыз, Мәдениет және Ынтымақ елді мекендерінде жаңа су құбырлары тартылып, қажетті инфрақұрылым орнатылуда.

Алдағы уақытта абонент санына сәйкес су есептегіш құралдары орнатылып, жүйе толықтай іске қосылмақ. Нәтижесінде ауыл тұрғындары таза ауызсумен толығымен қамтамасыз етіледі.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...