Президент Жолдауы — ел болашағына бағыт — Xnews — ақпарат агенттігі

Президент Жолдауы — ел болашағына бағыт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жақында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялап, еліміздің дамуына жаңа серпін беретін тың бастамаларды ұсынды.

Елдің ертеңіне бағыт сілтейтін осы тарихи құжатты халыққа кеңінен түсіндіру, оның мазмұнын әрбір азаматтың санасына сіңіру мақсатында аудан көлемінде ақпараттық-насихаттық жұмыстар қолға алынды.

Осыған орай, аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен кең көлемді жиын өтті.

Жиынды бөлім басшысы Әділ Ысхах ашып, Жолдаудың мән-маңызын атап өтті.

Басқосуға аудан әкімінің орынбасары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл әкімдері, білім беру саласының өкілдері, зиялы қауым, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, аудан әкімінің өкімімен арнайы «Ақпараттық- насихаттық жұмысшы топтар» құрылып, аудан аумағындағы 10 ауылдық округте Жолдауды насихаттау жұмыстары басталды. Аталған бастаманың алғашқы легі бүгін Шұбар және Шұбарсу ауылдарында жүзеге асты.

Жиынның күн тәртібінде – Президент Жолдауын кеңінен түсіндіру.

Осындай кездесулер алдағы күндері ауданның өзге ауылдық округтерінде де жалғасын табады. Бұл — халықты ел дамуындағы маңызды бастамалармен таныстырып, ортақ жауапкершілікті сезіндіретін маңызды қадам.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...